×

«Қойнына кірдің бе, мойныңмен көтер»: Жеңіс Ысқақова Бейбіт Қорғаннан бала тудым деген әйелдің өзін кінәлады

Жеңіс Ысқақова әйелдің өзін кінәлі деп санайды

«Қойнына кірдің бе, мойныңмен көтер»: Жеңіс Ысқақова Бейбіт Қорғаннан бала тудым деген әйелдің өзін кінәлады
Фото: ашық дереккөздерден

Атыраулық келіншек Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан балаcы бар екенін айтқан соң, әнші ДНҚ тапсыруға мәжбүр болған. Бірақ өнер жұлдызының әріптестері ол әйелдің әрекетін дұрыс деп санамайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген айтты.

«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры», – дейді Дина Төлепберген.

Алайда әншінің өнердегі әріптестері Бейбіт Қорғанды жақтап шықты. Мысалы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова әйелдің өзі кінәлі деп санайды.

«Оның оған үйленбейтінін біле тұра, қойнына кірдің бе, басыңмен істедің бе, мойныңмен көтер. Ал жақсы бір талантты жігіттен туған екенсің, онда шыда. Оның тумауына да болар еді», – дейді Жеңіс Ысқақова.

Желіде Жеңіс Ысқақованы қолдап жатқандар көп.

«Жеңіс дұрыс айтады, ол қыздың өзі кінәлі», «Жеңіс қыз дұрыс айтады, мен қолдаймын. Келіншектің өзі бір түрлі. Керемет еркектен бала туғысы келген екен, несіне оны кінәлап отыр?», «Қыз кінәлі. Төсекке жатпау керек еді», «Біреудің отбасын құрттыңдар ғой», «Жеңіс Ысқақова дұрыс айтады. Ол қыз түн ішінде Бейбіттің қасына не үшін қонды? Біледі ғой Бейбіттің жанұясы бар екенін», «Қыз тыныш отыру керек еді, танымал екенін біліп, неге барып қойнына тығылады?», «Отбасы бар еркекке жабысып, туғанды білсең, асырауды да біл», «Неге Бейбітті тергеп, өмірін ақтарады? Кімнің не жұмысы бар біреудің жеке өмірінде?»  деген пікірлер бар.

Бұған дейін атыраулық келіншек «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Бейбіт Қорғаннан баласы бар екенін айтқан еді. Нұргүл Зиханова осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанмын деген. Бағдарлама барысында әншіден «ұлым бар» деген әйел шындығын ақтаруға келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →