×

«Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз»: Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданып қалды

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде пост жазды

«Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз»: Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданып қалды
Фото: ашық дереккөздерден

ҚР Халық әртісі, әнші Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Мерейтой иесі туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мерейтой иесінің қуанышында өнердегі әріптесі Роза Рымбаева да тілек айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Нағима, шын жүректен сені құттықтаймын. Бүгін мен өзім ем алып, екпеден келіп отырмын. Сен екеуміз әлі ұзақ өмір сүруіміз керек. Бала-шағаны өсіруіміз қажет. Балаңның үйленіп, немере сүйгеніңді қалаймын. Ұлдарымыздың, немере-шөберелеріміздің бақытын көруді қалаймын. Халық әртістері көп болсын. Неғұрлым көп болса, соғұрлым олардың арасында шығармашылық бәсеке болады. Бұл қызық. Сахнада Кеңес одағында халық әртісін алған үш әйел бармыз. Сен, мен және Мақпал. Бірақ үшеуіміз үш түрлі әлембіз», – деді Роза Рымбаева.

Сол кезде сөзге араласқан мерейтой иесі Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованың «Халық әртісі» атағын одақ тұсында емес, Қазақстаннан алғанын айтады.

Бұған Мақпал Жүнісова ренжіп қалған. Ол әлеуметтік желіде қысқаша пост жазды.

«Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін», – деп жазды әнші.

Желіде пікір жазғандар оған қолдау көрсеткен.

«Мақпал Жүнісова әр қазақтың жүрегінде ең бастысы», «Әрине, сіз ең құрметті е-е-ең ерке әншісіз», «Халық өзіңді жақсы көреді, шындық!», «Қалжыңдап жатыр ғой Мақпал апай», «Мақпал апай, оларға мән бермеңіз, "іштен шыққан жау жаман" деген осы жерде айтылған екен ғой» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағанды әкімі Қайрат Нұртасқа неге ашулы
15.05.2024ж. 17:13

Қарағанды әкімі Қайрат Нұртасқа неге ашулы

Ол әншінің пиар қызметімен байланысуға тапсырма берді
Ол өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға жауап берді
Халық әртісі жеке парақшасында осы жазбасын кейін өшіріп тастады
Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →