Мақпал Жүнісова ескерту жасады
Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтардың құрбаны болған. Ол телефонын хакерлер бұзғанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құрметті халайық, ешкімге сенбеңіздер! Ешқандай байқауға қатысып, дауыс бермеңіздер. Телефонымды бұзыпты, Whatsapp қосымшам істемей қалды. Маған біреуге дауыс бер деп келген. Соған дауыс бере салып ем, телефоным істемей қалды. Мұндайларды табу керек. Ақша жасау құралына айналдырып алған. Концертке дайындық жүріп жатыр, соттасып жүруге уақыт та жоқ. Сонда кімге айтамыз? Маған дауыс беру керек болса, өзім айтамын, сенбеңіздер. Конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Сондықтан дауыс сұрамаймын. Алаяқтар, табылсаңдар, бастарыңды жарамын», – дейді Мақпал Жүнісова.
Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықовтың да телефоны алаяқтар қолына түскенін жазған болатын.