×

«Қытай мен кәрістер билеп жатыр». Қазақша «Жүрек» әні әлемдік деңгейде хитке айналды

Қытайдағы хид-парадта бұл ән үшінші орынға көтерілген

«Қытай мен кәрістер билеп жатыр». Қазақша «Жүрек» әні әлемдік деңгейде хитке айналды
Ашық дереккөздерден

Adam есімді қазақстандық әншінің «Жүрек» атты әні соңғы кездері TikTok  платформасында үлкен танымалдыққа ие болды. Осы күні қытай, кәріс азаматтарының бұл әнге түсірген видеоларының саны тым көп, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қытай, Корея, Вьетнам, Марокко, Албания, Германия, Украина, Армения, Франция сияқты елдерде танымалдыққа ие болған. Қытайдағы хид-парадта бұл ән үшінші орынға көтерілген.

Желідегі видеоларға қазақстандық көрермендер де пікір жазған. Кейбірі қазақ әнінің осындай танымалдылыққа ие болғанына сенбей жатыр.

«Шынымен біздің әнге билеп жатыр ма?», «Қытай мен Кореяда хит екен», «Қазақтар барлық жерде жүреді, қатты сыйлаймын», «Қазақшаға түсінетіндей билеп жатыр», «Осы өлең маған да ұнайды», «Негізі бұл билейтін ән емес қой», «Бұлар қазақша әнге билесе рекке шығатынын біліп алған», «TikTok-тың арқасы, әлі әлем қазақша сөйлейді», - делінген пікірлер бар.

Қазір әннің мәтіні ағылшын тіліне аударылып та, желіде таралып жатыр. Осы әнді орындаған Adam есімді әнші newsroom.kz порталына берген сұхбатында өзі туралы қысқаша айта кеткен.

«Мен «Жүрек» әнін шынайы жүрекпен жаздым. Мұнда ерекше ештеңе жоқ. Бастысы шынайы ниеттен туған. Бірақ біз күтпеген танымалдыққа ие болды. Әлемдік деңгейде танымал болады деп ойламадым. Бұл трек әлемдік World shazam хит-парадының тізіміне ілікті. Әнді өзім жазғанмын. Мен Қазақстанда дүниеге келген этникалық өзбек жігітімін. Әке-шешем тұрмақ, аталарымда осында туған. Бізді сондықтан қазақ деп санайтындар көп, өзіміз де қазақ болып кеттік», - дейді Adam. 

Жалпы, TikTok платформасында тойда айтылатын қазақша әндер жақсы танымалдылыққа ие. Мысалы, Рахымжан Жақайымның «Сен маған массың» әні Азия көлемінде кең таралған. Қазақстандық дуэт Tanir мен Tyomcha «Da Da Da» трегі де Азия аумағында хитке айналған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді
30.04.2024ж. 09:14

Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді
Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →