×

«Баласы бар келіншекке үйленемін»: Жахан Отарғалиев жаңа мәлімдеме жасады

Ол қазір ойы өзгергенін айтты

«Баласы бар келіншекке үйленемін»: Жахан Отарғалиев жаңа мәлімдеме жасады
Видеодан скриншот

Былтыр әнші Балжан Бидашпен некесі  сәтсіз болған әзілкеш Жахан Отарғалиев енді баласы бар әйелге үйленуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Ол видеоға: «Барлық адам бақытты болуға лайықты» деп жазған.

«Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта сенен «баласы бар келіншекке үйленер ме едің?» деп сұрадым. Сол кезде сен «жоқ» деп сенімді айттың. Қазір ойың өзгерді ме?» деп сұрайды тілші.

Ал әзілкеш қазір ойы өзгергенін айтты.

«Қазір қанша баласы болса да, ұнатып, жақсы көріп тұрсам алатын едім. Ол кезде сондай адам болды, бірақ қорқыныш бар еді», - дейді Жахан Отарғалиев. 

Желі қолданушылары арасында сүйікті актерін қолдап жатқандар да, жігіт басымен жылап, сұхбат беріп отырғанын да сынағандар да бар.

«Қыздай алған әйелін оңдырмаған адам, баласы бар әйелді бақытты қыла қоймас», «Өзіңді жұртқа аянышты көрсетпе», «Еңсенді көтер бауырым, өлсенде аяғын үзенгіде кетсін», «Өтірік жылап отыр», «Жаханға рөлден шығу керек. Оның қайғысы ешкімге керек емес», - деген пікірлер бар.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев  ажырасқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →