×

Джеки Чан Қазақстан киносына түсуге 600 мың доллар сұраған

Қанат Әлжапбаровтың айтуынша, қытайларда жұмысын тастап бір күнге келе салу деген жоқ

Джеки Чан Қазақстан киносына түсуге 600 мың доллар сұраған

«Хотя бы кинода 3» фильмінің актерлері мен продюсері белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның «DS Show» бағдарламасында қонақ болды. Олар бағдарлама барысында әйгілі қытай актері Джеки Чанды фильмге түсіруге шақырғандарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жоба басталмас бұрын Нұргүл (фильмнің продюсері Нұргүл Даубаева – ред) Қытайдағы байланыстарына шықты. Джеки Чанды алдыртамыз деп ойладық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұраған. Бірақ ол кісі күнтізбесі сәйкес келмеді. Өйткені бір жылға жоспар құрып тастаған», - дейді фильм актері Қайрат Әділгерей.

Тағы бір әзілкеш, актер Қанат Әлжаппаровтың айтуынша, қытайларда жұмысын тастап бір күнге келе салу деген жоқ. Олар тек белгіленген жоспар бойынша жүреді. 

«Інішектерді қолдап жіберейік деген қазақы түсінікті Джеки Чанның бойынан кезіктірмедік», - дейді Қайрат Әділгерей. 

Ал продюсер Нұргүл Даубаеваның айтуынша, Джеки Чан болмаса да, басқа қытай актерлері фильмге түскен.

«Лина деген танымал актриса бар. Голивуд фильмдерінде бой көрсеткен. Продюсерлер бірлесе отырып, таңдау жасап шақырдық», - дейді Нұргүл Даубаева.

Сонымен қатар актер Қанат Әлжапбаров Қытайдағы түсірілім ұнағанын айтып қалды.

«Қытай жақсы екен. Қатты ұнап қалды. Дамып кеткен. Бес күн болдым.  Қытай – нағыз мен тұратын жер екен. адамдар әр жерде темекі шегіп жүре береді. Түкіруге болады», - дейді Қанат Әлжапбаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →