×

«Сөмкесінің өзі 18 млн теңге»: стилист Ерке Есмаханның киген киімі қанша тұратынын айтып берді

Әншінің әшекей бұйымдарына да жеке тоқталған

«Сөмкесінің өзі 18 млн теңге»: стилист Ерке Есмаханның киген киімі қанша тұратынын айтып берді
Из открытых источников

Әлеуметтік желіде танымал стилист Жансая Әміршәріпқызы Ерке Есмаханның бір реттік киген киімі қанша тұратынын айтып берді.

Стилистің айтуынша, Еркенің үстіндегі көйлегі 100 мың теңге тұрады.

«Сөмкесі әйгілі Lux HERMES брендінен. Ол 18 млн теңге. Көзілдірігі СELINE бренді – 250 мың теңге. Сағаты алтын мен болаттан жасалған СARTIER бренді – 6,9 млн теңге. Білезігі де СARTIER LOVE – 2,6 млн теңге. Екінші білезігі CARTIER JUSTE UN CLOU – 2 млн теңге. Тағы бір білезігі – CARTIER VAN CLEEF білезігі 2,5 млн теңге», – деп бағалады Жансая Әміршәріпқызы. 

Сондай-ақ стилист әншінің әшекей бұйымдарына жеке тоқталған.

«Сақиналарының бірі CARTIER JUSTE LOVE  RING – 1,5 млн теңге. Екіншісі СARTIER LOVE 1,070 млн теңге. CARTIER CLASH – 1,360 млн теңге. Ал мына бір екі рет оралған, жылан формалы сақинасы 2,7 млн теңге. Алқасы VINTAGE ALHAMBRA PENDANT –  1,5 млн теңге. Сонымен барлығы – 40,6 млн теңге», – дейді стилист.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды
Кеше, 11:08

Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды

Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық артқан
Бірер күн бұрын Адайбекова құрбыларымен қоштасу кешін де жасаған
Концерттен бюджетке 400 млн теңге салық түседі деп жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →