×

Димаштың Стамбұлдағы кешіне келген шетелдік жанкүйерінің реакциясы көпшілікті тамсантты

Димаш XXI ғасырдың феномені

Димаштың Стамбұлдағы кешіне келген шетелдік жанкүйерінің реакциясы көпшілікті тамсантты
Видеодан кадр

 Жақында Стамбұлдағы 40 мың адамдық «Бешикташ» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өткен болатын. Оған әлемнің бірнеше елінен тыңдарманы келді. Кеш барысында 30 жасқа толған жүректі шымырылатын әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті, кейбір жанкүйерлерінің реакциясы камераға ілікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
24 мамырда Стамбұлдағы «Бешикташ» стадионында Димаштың Stranger деп аталатын үлкен концерті өткен болатын. Бұл кешке әлемнің 41 елінен тыңдармандары, жанкүйерлері келді. Әлеуметтік желіде отандасымыздың жүректі шымырлататын әндерін орындағанда ерекше сүйсініп, тыңдап тұрған шетелдік жанкүйерінің реакциясы ерекше тамсантты.

«Реакция теңдессіз. Өйткені өзім де Димаштың концертінде болғаным үшін сенемін», «Еуропалықтар Димаштың әнін ерекше сезінеді», «Мен көз жасыма ерік бердім», «Димаш XXI ғасырдың феномені», «Сол жерден көрсең, тіпті космос», «Видеодағы жігіт әбден тамсанған екен», «Димашты осы жігіт сияқты тыңдау керек», «Алла тіл көзден сақтасын», - деген секілді тек  жүрекжарды тілектер айтылған.

Айта кетейік, концертте Димаш өзінің бұрыннан белгілі хит әндерімен қатар жаңа туындыларды да шырқады. Әсіресе, көрермендер түркиялық белгілі әнші Халюк Левентпен бірге орындаған түрік тіліндегі әнді ерекше қабылдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті
24.07.2024ж. 16:50

«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Видеода Argonya көпшілікті қандай да бір мерекемен құттықтайды
Концерт Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді
Ол немерелерінің уайымдап жүргенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →