×

«Қартаюды ұмытып кеткен»: «Ханзада Жумонг» Қазақстанға келді

Ол Қазақстанға екінші рет келіп отыр

«Қартаюды ұмытып кеткен»: «Ханзада Жумонг» Қазақстанға келді
Видеодан скриншоттар

Көпшілікке «Ханзада Жумонг» рөлімен танымал Сон Иль Гук екінші рет Қазақстанға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанда «Ханзада Жумонгтың» танымалдылығының арқасында мен осында болу құрметіне ие болдым. Қазір сіздерді корей халқының классикалық-музыкалық қойылымы күтіп тұр. К-драмасынан асып түсетін К – классикасына сүйсінесіздер деген үміттеміз», - деді Сон Иль Гук Қазақстан және Корей республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен гала-концертте.

Кештен кейін актермен фотоға түсуге де асыққандардың қарасы көп болды. Ол Қазақстанға екінші рет келіп отыр. Бұған дейін 2011 жылы жолы түскен.

Сон Иль Гук 1971 жылы дүниеге келген. Биыл 53 жасқа толады. Желі қолданушылары сүйікті актерлерінің елге келгеніне ризашылық білдіріп жатыр. Сонымен қатар оның жас көрінетінін сөз еткен.

«Кезінде сабақтан қалып көретін киномыз еді», «42 жасында Жумонг рөлін ойнаған», «52 жастағы адамға ұқсамайды», «Мүлдем қартаймапты», «Дамуль әскер, Пуе патшалығы деген сөздер еске түсті», «Бұл актер Кореяда қатты танымал емес», «Қартаймайтын адам екен», «Тоқтар Серіковке ұқсайды», – жазып жатыр оқырман қауым.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →