×

Желіде Нұрболат Абдуллиннің ақын Ершат Қайболдинге шапан жапқан видеосы тарады

Ақын бұған дейін Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірген

Желіде Нұрболат Абдуллиннің ақын Ершат Қайболдинге шапан жапқан видеосы тарады
Qaz365.kz коллажы

Әнші Нұрболат Абдуллин ақын Ершат Қайболдиннің арқасына шапан жапқаны видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі ақын Ершат Қайболдинге сахнаға шақырып, әнші осылай құрмет көрсетеді. Оқырманның жазуынша, бұл бір жыл бұрынғы концерт.

Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әнші Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірген. 

«Мен барынша арлы болуға тырысамын. Ешқашан «маған осындай ақша бер, мен осындай өлең жазып беремін» деп айтып көрген емеспін», – дейді Ершат Қайболдин.

Ақын ең көп еңбекақысы 20 мың теңге болғанын айтты.

«Нұрболат Абдуллиннің «Сен қорқақсың» деген әнінің қаламақысына 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. «Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін» деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым», – деді ақын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
Кеше, 09:39

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →