×

Қайрат Нұртастың әке-шешесі баласы қамалған күннің ертеңінде-ақ тойға шықты

Роза Әлқожа да қыз ұзатып жүр

Қайрат Нұртастың әке-шешесі баласы қамалған күннің ертеңінде-ақ тойға шықты
Фото: instagram/gulziraaidarbekova

Соңғы күндері шоу-бизнес өкілдері бірінен соң бірі ұсталуда. Бірақ олардың жақындары сыр алдырар емес, деп жазады Qaz365.kz.

Мысалы, Шымкентте 15 күнге қамауға алынған Қайрат Нұртастың әке-шешесі 6 шілде күні Семейдегі тойлардың бірінде ән шырқады. 

Ал Қапшағайда полицияның заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 күнге қамалған Әбдіжаппар Әлқожаның әпкесі Роза Әлқожа да қыз ұзатып жүр.

«Біреу жазыпты «балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп. «Жаным, қызым - үйде, қылығы - түзде» дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын «мойнымен көтереді». Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!» - дейді әнші. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртас 5 шілде ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 күнге қамалды. Ал Әбдіжаппар Әлқожа 6 шілдеде Қапшағайда полиция көлікті тоқтатқанда тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Рөлде жиені отырған. Оның жүргізуші куәлігі болмаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →