×

Қайрат Нұртасқа қатысты іс: апелляция шешімі шықты

Ол 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын

Қайрат Нұртасқа қатысты іс: апелляция шешімі шықты
Фото: "Алматы" телеарнасы

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

"Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", – делінген хабарламада.

Алайда сот мәліметінше, қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді
10.03.2026ж. 15:19

«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді

Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді
Танымал әртіс Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube-арнасындағы сұхбатқа байланысты сотқа жүгінген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →