Бұл тойды белгілі әзілкеш, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов жүргізген
Қазақстанның тұңғыш астанасы болған, қазір Ресей Федерациясының аумағына Орынборда өткен тойдың видеосы желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл тойды белгілі әзілкеш, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов жүргізген. Ол екі тілде аралас сөйлеп, қонақтардың көңілін табуға табысқан. Жайдарман арқылы танылған Қабдол Тілеков келіннің бетін ашқан. Сондай-ақ Қазақстаннан барған қонақтардан Forbes тізіміне кірген елдегі ықпалды байлардың бірі – Жұмабек Жанықұлов бар.
«Той қазақтікі болса неге орысша жүргізеді», «Осы айлакер ақша табу үшін Ресейге шығып кеткен», «Орынбор қазағымның жері», «Қонақтардың көбісі орыс тілді», «Тойға қанша алады екен?», «Қандай күшті», «Мына сайқымазақтар беташардың да сәнін кетірді», «Таза сайқымазақ», – деген пікірлер бар.