Концерттің билеті 25 күн бұрын ашылып, небәрі 17 күнде толық сатылып кеткен
Sadraddin Димаш Құдайбергеннен кейін орталық стадионда аншлаг жасаған екінші әртіс болып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматыдағы орталық стадионда хитменді жанды дауыста тыңдау үшін шетелден де қонақтар келген. Қазақстанның өңір-өңірлерінен келген жанкүйерлер де бар. Әнші небәрі 21 жасында орталық стадионды лық толтырды. Мұндай аншлагты көрмеген әнші абыржып қалған.
«Алдыңғы жылы армандарымды айтқым келген жоқ. Өзімнің концерттен кейін сторисіме стадионды белгілеп картадан салған едім. Сол кезде түсінген адамдар түсінді. Бел буған уақытым – наурыз айында. Соған әрекет еттім», - дейді әнші.
Концерттің билеті 25 күн бұрын ашылып, небәрі 17 күнде толық сатылып кеткен. Әншінің анасы Айгүл Есқара «стадион жинаймын» деген Садраддиннің мақсаты бұрын пайда болғанын мәлім етті.
Әнші Ғадылбек Жанай бала кезде Садраддин анасы мен кішкентай екі інісінің алдында жауапкершілікті ерте түсінген дейді. Актриса Құралай Анарбекова Садраддин ай сайын әншінің бір хит ән шығаратынына тамсанды.
Жастардың арасында кеңінен танымал әнші Садраддин қазақ эстрадасында өзіндік орнын алып үлгерді. 18 жасында жарқ етіп шыққан музыканттың репертуары лирикаға толы әндермен ерекшеленеді. Әндердің авторы да — өзі. Екі жылдың ішінде «Алия», «18 лет», «Не себеп?», «Ана», «Дама» атты тректері хитқа айналып үлгерді. Ал жақында шыққан «Айға қарап» атты әні — әлеуметтік желілерде ең жиі қолданылатын тректер тізіміне енген. YouTube желісінде әншінің клиптері миллиондаған қаралым жинаған.