×

Қайрат Нұртас әйелін іздеп Атырауға барды

Қайрат Жұлдыздың қойылымына құшақ гүлмен келді

Қайрат Нұртас әйелін іздеп Атырауға барды
Видеодан скриншот

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен қайта татуласу үшін Атырауға іздеп барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жарының көңілін көтеру үшін Атыраудағы спектакліне арнайы жеткен. Бұл сәттің видеосы Қайраттың Instagram-дағы сторисінде жарияланған.

Қайрат Жұлдыздың қойылымына құшақ гүлмен келіп, драмалық спектакльді көпшілікпен бірге тамашалаған.  

Ал қойылым аяқталған соң ол сахнаға шығып, Жұлдыз Әбдікәрімоваға гүл шоғын ұсынды.

«Қайрат айналайын ақылың бар ғой жаным», «Отбасың аман бүтін болсын», «Қайрат айналайын жүрегіңнен айналдым», «Нағыз жігітсің балам», «Еркек деген осындай болсын», «Қайрат өте жұмсақ ақкөңіл момын», «Бақыт тілеймін», «Міне, қандай құрмет», – деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдызды ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Тіпті, қаңтар айында Дохада бірге демалған кезде де, тек балалары үшін бірге екендері жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
Бүгін, 09:39

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →