×

"Әке махаббатын сезіндірді": RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады

Ерке Есмахан күйеуі туралы айтты

"Әке махаббатын сезіндірді": RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі эстрада жұлдызы Ерке Есмахан үлкен ұлының бойындағы өзгерістерге қазіргі күйеуі Раймның қаншалықты ықпалы барын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Мүслімнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Мүслімнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа мама» деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін әкесі Мүслімге сыйлық жасап қуантты», - дейді Ерке Есмахан.

Ол баласына көлігін құтты болсын, ақылды жігіт бол деп тілегін айтты. 

«Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын», - деп жазды әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →