×

Түркістандағы диспансердің еліміздің спорт саласын дамытуда қосар үлесі мол

Диспансерлік орталық соңғы үлгідегі озық медициналық технологиялармен жабдықталған

Түркістандағы диспансердің еліміздің спорт саласын дамытуда қосар үлесі мол

Бүгінде Түркістан қаласындағы облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерлік орталығы спортшылардың спорттық жарыстарға қатысуы үшін медициналық тексеру және емдеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Диспансерлік орталық Түркістан облысына қарасты 72 спорт мектебінің, оның ішінде жоғары жетістіктерге ие болып отырған ҚР Ұлттық құрама командаларының спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеруден өткізеді. Сондай-ақ, Түркістан облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін түрлі жарыстарда алғашқы медициналық қызмет көрсетеді.

Түркістан облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері МКҚК директоры Дәулет Жүнісовтың сөзінше, Диспансерлік орталық алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін барлық дәрі-дәрмек және антисептикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оған қоса спорттық медицина бөлімінде 10 білікті дәрігер, 20 мейіргер, хирург, травматолог, офтальмолог, оториноларинголог, стоматолог, кардиолог мамандар спортшылардың денсаулығын тексереді. Мекемеде тұрғындарды ақылы түрде медицаналық тексеруден өткізу мен дәрігерлерден кеңес алу бойынша да қызмет алу қарастырылған.

Айта кетсек, Диспансерлік орталық соңғы үлгідегі озық медициналық технологиялармен жабдықталған. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдана отырып, спортшыларға жоғары сапалы қызмет көрсетіледі. Осы ретте өңірлік диспансердің еліміздің спорт саласын дамытуда қосар үлесі мол. Диспансеризацияның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын, еңбекке жарамдылығын сақтау және жақсарту, адамдар өмірін ұзарту болып табылады. Бұл мақсатта ауруларды белсенді анықтау және ерте емдеу, аурудың пайда болу және таралу себептерін анықталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →