×

Сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы ауруынан қалай сақтану керек

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін зоонозды жұқпалы ауру, яғни жануарлардан адамға жұғады

Сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы ауруынан қалай сақтану керек
Фото: aldaspaninfo.kz

Сібір жарасы ауруын адам жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұқтырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов айтты.

«Түркістан облысының аумағы Республика көлемінде өте аса қауіпті жұқпалы аурулардан, оның ішінде сібір жарасы ауруы бойынша жұқтыру қауіптілігі  өте жоғары аймақтар қатарына жатады.  Облыста жыл сайын тұрғындар мен жануарлар арасында індеттің күдікті, расталған жағдайларының  тіркелуімен эпидемиологиялық - эпизоотологиялық қолайсыз жағдайлар орын алып отырады.   Бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатқандай,  соңғы жылдары  еліміз бойынша  адамдар арасында  сібір жарасы   ауруы  тіркелуде.   2024 жыл басынын  бүгінгі күнге дейін  сібір жарасына күдікті 35 жағдай тіркеліп, 14-нің диагноздары  расталынған. Жергілікті атқарушы органдармен сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшалау, жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының   шығарылуын  болдырмау шараларын тез арада ұйымдастырылуы қажет.  Түрғындар үшін  малды сояр, әсіресе мәжбүрлі сояр алдында ветеринар маманың міндетті түрде шақыруды ұсынамыз», – деді Бахтыораз Елемесов.

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін зоонозды жұқпалы ауру, яғни жануарлардан адамға жұғады. Сібір жарасының қоздырғышы спора түзетін бацилла, қоршаған ортаға   өте  төзімді болып келеді, олар топырақта ол  жүздеген   жылдар бойы сақтала алады. Бұл ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды,  Көбінесе терінің,  кейде өкпенің, ішектің қабынуы  мен зақымдануын тудырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →