×

Алматыдағы «Саяхаттың» орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматыдағы «Саяхаттың» орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін
unitaxi.ru

Алматыда бұрын "Саяхат" автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы ақшамына сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған.

“Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты - коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені.

Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ", - деді қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.

Бұған дейін алматылықтар "Саяхат" автовокзалы ауданындағы шектеулерге шағымданған болатын. Олардың айтуынша, қаланың қақ ортасында бес гектар аумақ темір қоршаумен қоршалған және автотұраққа рұқсат жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →