×

Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

Даңғыл қала шекарасына дейін ұзартылады

Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталады
kursiv.media

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Абай даңғылының қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтағылары келетінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша ақпанда Жұбанов көшесін Момышұлынан қала шекарасына дейін ұзарту жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарланып отыр.

"Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. 2022 жылы Ақжар шағынауданында 10 шақырым жол және Ақжар, Қарағайлы және Шұғыладағы 12 көшеде сегіз шақырым жаяу жүргіншілер тротуарлары салынды, сондай-ақ 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағынаудандарындағы 20 көше бойынша 16,4 шақырым жол салынады, сондай - ақ 21 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді Досаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →