×

Бір күнде "жұмақ" орнай қоймас - Досаев Алматыда бағаны тұрақтандыру туралы айтты

Әкім бағаның өсуі "қала әкімдігі үшін басты мәселе" екенін айтты

Бір күнде "жұмақ" орнай қоймас - Досаев Алматыда бағаны тұрақтандыру туралы айтты
Владимир Астапкович / РИА Новости

Әкім бағаның өсуі "қала әкімдігі үшін басты мәселе" екенін айтты. Оның айтуынша, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша былтыр күзде басталған жұмыстар биыл өз нәтижесін бермек, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Маусым аралық уақытта арнайы шарттар жасалды. Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат - 15 млрд теңге бөлді. 
Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы өнімдерді ала бастаймыз. Бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз. Бірден “жұмақ” орнай қоймас. Жұмыстар тек қыркүйекте басталды. Сонымен қатар, қант жеткізу бойынша 2,6 млрд теңгеге шарт жасалды. Алдағы уақытта қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін",
- деді халық алдында есеп берген қала әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →