×

Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статистика бюросы

Статистика жаңарды

Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статистика бюросы
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросы елдегі "қызметкерлердің саны және жалақысы" туралы мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңгені құрады”, – делінген хабарламада.

Бюро мәліметінге, өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеген, нақты жалақы индексі 95,3% құраған.

“2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға”, – делінген хабарламада.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру– 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалған. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,5 есе , көлік және жинақтауда – 1,4 есе жоғары болып тіркелген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →