×

Қазіргі ата-ана рухани құндылықты неге басы артық дүние санайды немесе балалар контентін қалай дамыту керек

Сала сарапшысы бүгінде ата-ана мен журнал арасында алшақтық барын айтады

Қазіргі ата-ана рухани құндылықты неге басы артық дүние санайды немесе балалар контентін қалай дамыту керек
Фото: ашық дереккөзден

Қазір балалар контенті Қазақстанда ең өзекті мәселенің бірі. Ес жия бастаған сәттен шетелдік контенттің жетегінде кететін балалар өз тілінде анық сөйлеуден қалғаны қоғамда қатты ойландыра бастаған. Балалар контентін қалай дамыту керек деген мәселенің мән-жайын Qaz365.kz тілшісі осы ретте Farabi shakirti журналы мен farabishakirti.kz сайтының бас редакторы Жанастан Кучуковадан сұрап көрді.

Балалар грантқа түсіп қуантуда

Жанастан Кучукованың сөзінше, Farabi shakirti жас талғамайтын қазақ, орыс және ағылшын тілінде шығатын республкалық танымдық журнал. Ұл-қызына жасына сай басылым алып беретін ата-ана алдымен, журналмен танысады, әр нөмірін оқиды. Ата-ана баласына, ұстаз шәкіртіне қажетті дүниені тапса, сөзге келмей жаздыратыны рас. Айталық, біздің журнал мен Farabishakirti.kz сайты ұлттық құндылықтарды жас оқырманның ұлттық құндылықтарды жас оқырманның дүниесіне nарту мақсатында тарих, ғибрат тәлім мен тәрбие, тұлғалар өнегесі еліміздің ардақты азаматтарының өмір жолы туралы материалдар біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жариялануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді, қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады» деген қағидасына орай редакция мектеп оқушыларының ғылым мен техника саласындағы жетістіктермен танысып, жариялауда. 

«Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту редакция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Болашақ журналист жас тілшілерді даярлаудан айтарлықтай жетістіктер бар деуге болады. Журналдың жарыққа шыққанына бес жылдан асқанына қарамастан елуден астам жас тілші тәрбиелесе, жыл да төрт бес мектеп бітіруші әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тұран, Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттерінің журналистика факультетіне грантқа түсіп қуантуда», – дейді ол.

Балалар контентін әлеуметтік желі арқылы дамыту керек

Жанастан Кучукованың айтуынша, балалар контентін газет-журналдың әлеуметтік парақшалары арқылы да дамытуға болады. Оларды қызықтыру үшін әртүрлі тақырыптарда сұхбаттар, ойындар, онлайн оқулар, көркем сөз оқу мен өнерлі балалардың байқауларын ұйымдастырылған. 

«Кейінгі кезде мектеп пен балалар басылым арасындағы байланыс үзілді. Журнал редакциясы қызметкерлері балалар мен жасөспірімдердің шығармаларын жариялай отыра, жасы үлкен жандардың назарын балаларының қабілетіне аудару, ата ананың, яғни еліміздегі барлық сала мамандарының негізі – ата-ана. Сондықтан ұстаздан бастап әр сала мамандары еңбек адамдарының жетістігін балаларға айту арқылы әр мамандықты дәріптеуге көп көңіл бөлуде», – дейді ол.

Сала сарапшысы десе де, бүгінде ата-ана мен журнал арасында алшақтық барын айтады. 

«Қазіргі ата-ана қай саланың маманы болса да, ұл-қызына рухани құндылықты сыйлағанды басы артық дүние санайды. Өздері бір ретте балалар басылымдарын қолдарына алып оқығаны былай тұрсын, кездесуде сыйлыққа деп берген журналдан кейбір кісілер «ішінде түк жоқ» деп, лақтыра салатыны өкінішті. Соған қарамастан болашақта аға-қазақ басылымдарының, яғни газет журналдың оқырманын жастайынан қалыптастыратын жасөспірімдерге арналған басылымды іздеп жүріп оқитын оқырман қалыптасады деген сенімімізді жоғалтпақ емеспіз», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →