×

Тоқаев емделіп келуіме көп ақша берді – Жүрсін Ерман

Жүрсін Ерман сұқбат берді

Тоқаев емделіп келуіме көп ақша берді – Жүрсін Ерман
Фото: Qazaqstan.tv

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертке шалдыққанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектескенін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ақын «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, шетелдегі еміне президенттің қомақты қаражат бергенін тілге тиек етті.

«Мені құртқан қант қой. Қатты ауырдым, сосын Алматыдағы Президент іс басқармасының ауруханасында емделдім. Маған қарап жүрген дәрігер «аяғыңызды кесеміз, әйтпесе өліп қаласыз» деді. Аяқты кестіру оңай ма, оданда шетелге барып келейін деп, Швейцарияға кеттім. Сонда менің құдам бар – ДСҰ-ның басшысы. Олар жақсылап тексеріп, «сенің аяғыңды кесемін деген қайсысы?» деп сұрады. Мен мән-жайды айттым. Олар кесудің түк қажеті жоқтығын айтты. Бірақ аса көп көмек болмады. Қалай дегенмен шетелге бару оңай емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев емделіп келуге көп ақша берді. Оны өзі айтпайды, бірақ мен іштей ол кісіге ризамын. Бір күні ауруханадағылар екі-үш күндік өмірім ғана қалғанын айтыпты. Қасымда жүрген екі қызым сол соңғы күндерін үйінде өткізсін деп, қолхат жазып мені алып кетіпті. Өздері неше түрлі шөппен емдеп, аман алып қалды», – деді Жүрсін Ерман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 92%-дан асты
Кеше, 16:36

Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 92%-дан асты

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді
Алматыда жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →