×

Патриотизмнің үш түрі бар – саясаттанушы

Ол күнделікті патриотизм көшеде де көрініс табады деп отыр

Патриотизмнің үш түрі бар – саясаттанушы
Фото: ашық дереккөзден

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, белгілі саясаттанушы Мақсат Жақау патриотизм ұғымын жан-жақты талдап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Патриотизм ұғымын бірнеше бағытта қарастыруға болады. Біріншіден, күнделікті патриотизм, екіншіден – қажеттіліктен туындайтын патриотизм. Үшіншіден – туған жерін, туған елін, туған тілін жадында сақтау патриотизмі. Күнделікті патриотизм деген – қарапайымнан тұратын жерінен басталады (ауыл, аудан, қаласынан). Ресми және бейресми шараларда байқалады. Әсіресе, спорттық жарыстарда көрініс табады. Бір ауылдың патриоты ретінде шашбауын көтеріп, атын шығарып, додаға түскен кезде басталады», – дейді саясаттанушы.

Ол күнделікті патриотизм көшеде де көрініс табады деп отыр. Ал қажеттіліктен туындайтын патриотизм – Олимпиада, қарулы-соғыстық жағдайда, азаматтық, әскери-борыштық шешім қабылдайтын тұста пайда болады екен.

«Мемлекетке бір борышты, қарызды өтейтін тұста, елдің басына күн туған кезде қару алып, сапқа тұрып кететін жағдайда болатын патриотизм. Үшіншісі, туған елін, туған тілін жадында сақтау патриотизмі. Бұл шетелге шыққан кезде қатты сезіледі. Қазақстаннан сыртқа шығып, шетелде оқитын болсаңыз, жай қыдырып барғанның өзінде еліңіздің нағыз патриоты болып кетесіз. Мұндай жағдайда тіпті ұлтқа да бөлінбей кетеді. Орыс, қазақ деп бөлінбейді. Бастысы, туған отаныңыздың патриоты боласыз. Қазақстанның туын көргенде, әнін тыңдаған кезде жүрегі елжіретіп кетеді. Бұл сағыныш тұрғысындағы жадында сақтау патриотизмі. Қайдан шыққанынды ұмытпау», – дейді Мақсат Жақау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →