×

Қай облыстағы халықтың табысы төмен

Қазақстандықтардың 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды

Қай облыстағы халықтың табысы төмен
tengrinews.kz

Қазақстанда кедейлер саны көбейіп жатыр. Бұл жөнінде сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Masa.media-ға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, қазақстандықтардың 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. 

“Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстарда осы таптағы адамдар көбейіп жатыр. Ал бес миллионға жуық адам өнімділігі аз жұмыспен қамтылған”, – деді ол.

Қазақстанда кедейлік - өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, балалар кедейлігі. 

2020 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 17 жасқа дейінгі балалар саны 6 миллион 110 мың 156  адам. Бұл ел халқының шамамен 31 пайызы. ЮНИСЕФ есебі бойынша, олардың 1 миллионға жуығы (15% немесе 916 мыңы) әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өсуде. Яғни, Қазақстандағы әрбір 6-бала кедей деген сөз. Кедей отбасылардың 90 пайызы көпбалалы. Ел бойынша 400 мың көпбалалы отбасы бар. Балалар кедейлігі әсіресе Түркістан (13,8%), Шығыс Қазақстан (11,3%) және Солтүстік Қазақстан (10, 09%) облыстарында өршіп тұр.

Бұған қоса, 2020 жылы Қазақстанда бір ғана асыраушысы бар (әкесі немесе анасы) 520 мың отбасы бар екені белгілі болды. Оның ішінде 452 730 отбасында балаларды тек аналары ғана асыраса, 68 256 отбасында балаларды жалғызбасты әкелер тәрбиелеуде. 25 077 мың жалғыз ғана асыраушысы бар отбасы көпбалалы. Бұндай отбасыларда 18 жасқа толмаған 644  670 бала өсуде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →