×

Түркістанда Дүниежүзілік инсульт күні қарсаңында ашық есік күні өтті

Акция барысында дәрігерлер келушілерге тегін консультация өткізіп, жолдамалар берді

Түркістанда Дүниежүзілік инсульт күні қарсаңында ашық есік күні өтті

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінде 29 - қазан Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Акция барысында дәрігерлер келушілерге тегін консультация өткізіп, жолдамалар берді. Сонымен қатар, шарада инсульттің белгілері жөнінде мағлұматтар айтылды. Негізінен инсульт кезінде адамның қол-аяқ бұлшық еттері жансызданады, сөзі мен жүрісі бұзыла бастайды. Басы ауырып, есін жоғалтады. Бұл белгілер пайда болған кезде бірден дәрігерге жүгіну қажет дейді мамандар. Инсульттің алдын алу үшін көп ел халықтың қан қысымын тұрақты тексеретін ұлттық скринингтер мен профилактикалық шаралар ұйымдастырады. Кей мемлекеттер инсульт орталықтарын құруға басымдық беріп жатыр. Дүниежүзілік инсульт ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдерде емдеу мекемелерінің 96%-і жоғары сапалы скрининг өткізуге қабілетті.

Сондай-ақ алпауыт мемлекеттер тромболизис, тромбэктомия әдісіне сүйенеді. Ұйыған қанды дәрілік препаратпен еріту медицинада тромболизис деп аталады, ал тромбэктомия механикалық жолмен алып тастау. Алайда, бұл заманауи емдеу түрлері жаһандық деңгейде толық қолжетімді емес. Еуропада науқастардың шамамен 7% ғана тромбэктомиядан өтеді. Дамушы елдерде бұл әдіс атымен жоқ. Инсультке себеп – жалғыздық, дерттің қай түрі болмасын, егде жастағыларға жабысады. Алдымен жүректі, сонан соң мидың қызметін бұзатын инсульт жалғыздықтан жапа шеккен қарттарға үйір болады екен. Гарвард университетінің ғалымдары осындай тоқтамға келген. Соқа басты ересектердің әсіресе, 50 жастан кейін инсультке шалдығу қаупі жоғары. Жүргізілген зерттеуге сүйенсек, бұл кезеңдегілердің 56%-і дерттің шырмауына ілігіпті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →