×

Электронды темекі денсаулыққа қауіпті ме – түркістандық дәрігердің кеңесі

Дәрігердің сөзінше, электронды темекі құрамындағы улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін

Электронды темекі денсаулыққа қауіпті ме – түркістандық дәрігердің кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі статистикаға сүйенсек, жасөспірімдердің арасында электронды темекіге деген сұраныс жоғары. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Ғалия Нұрмаханбет айтып берді.

Дәрігердің сөзінше, электронды темекі құрамындағы улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Маман электронды темекінің әсерінен оттегі жетіспеушілігі пайда болып, дененің қартаю процесі жеделдейтінін ескертті.

«Жастар арасында темекіге қарағанда электронды темекі зиянсыз деген қате түсінік қалыптасқан. Электронды темекі, керісінше, денсаулыққа өте қауіпті өнім және адам ағзасында түрлі ауыр ауруларды тудырады. Электронды темекі құрамындағы аэрозольдік әсер өкпе тінінің әр түрлі жасушаларына, оның ішінде сау өкпенің қалыпты қызметін сақтайтын жасушаларға теріс әсер етеді. Аэрозоль сонымен қатар өкпенің кейбір иммундық жасушаларын жояды, оның инфекциямен күресу қабілетін төмендетеді. Вейп темекі шегушілерге ғана емес, айналасындағылардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді. Яғни, түтіннің құрамындағы никотин темекі шегетіндерге қарағанда айналасындағылардың денсаулығына зиянды. Ұзақ уақыт бойы хош иістендіргішті вейп шегу өкпенің жасушалық деңгейде бұзылуына әкелуі мүмкін. Ал өндірушілер көбінесе табиғи никотинді химиялық затпен алмастырады, бұл әдеттегі темекіге қарағанда ағзаға үлкен қауіп төндіреді», – дейді Ғалия  Нұрмаханбет.

Айта кетейік, электронды темекі дегеніміз – ішіне сұйық ерітінді құйылған, ауыстылылатын картриджі бар және никотин жеткізетін электрондық жүйеге жататын құрал болып табылады. Оның буында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →