×

Туберкулез ауруын емдеу жолдары бойынша Сауран ауданының дәрігері тәжірибесімен бөлісті

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады

Туберкулез ауруын емдеу жолдары бойынша Сауран ауданының дәрігері тәжірибесімен бөлісті
Фото: ашық дереккөзден

Егерде адам екі аптадан ұзақ жөтеліп, тез шаршау мен әлсіздікті сезінсе бұл туберкулездің алғашқы белгілері. Сондай-ақ, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, түнгі уақыттағы тершеңдік, кеуде қуысының ауруы мен қан қақыру да бар. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Түркістан облысы Сауран аудандық орталық ауруханасының терапевт воп дәрігері Назира Аманбаевамен тілдесті.

Дәрігердің сөзінше туберкулез адамның кез-келген ағзасын зақымдауы мүмкін. Сондықтан, жөтелі екі аптадан астам уақыт бойы тыйылмаған адам дәрігерге қаралуы тиіс.

«Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі. Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарларда сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін»,- дейді Назира Аманбаева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын туберкулезбен 10 млн астам адам ауырады, туберкулезбен ауыратын 1 адам 15-20 адамға дейін жұқтырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →