×

Энергетикалық сусындардың адам денсаулығына әсері қандай – дәрігер кеңесі

Мұндай сусындардың әсері үш-төрт сағатқа созылып, одан кейін өте қатты шаршау байқалады

Энергетикалық сусындардың адам денсаулығына әсері қандай – дәрігер кеңесі
Фото: gov.kz

Энергетикалық сусындардың әсерінен тек жүрек-қан тамырлары жүйесі ғана емес, жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары, бүйрек зардап шегіп, қан қысымы көтеріледі. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Бектұрсынова Ақнұрмен тілдесті.

Маманның айтуынша, энергетиктің құрамында кофеин, гуарана, женьшень, тауриннің жоғары дозалары бар. Мұндай сусындардың әсері үш-төрт сағатқа созылып, одан кейін өте қатты шаршау байқалады. Сонымен қатар, кофеин тәуелсіз зат ретінде басқа да жанама әсерлер тудыруы мүмкін екендігін атап өтті. Әсіресе балалар энергетикалық сусынды көп ішетін болса да, бұл жүрек ауруына, тіпті, кей жағдайларда оның тоқтап қалуына да әкелуі мүмкін.

«Көп жағдайда пайдасы орасан, қарапайым су ішудің орнына дүкендегі сатылатын энергетикалық сусындарды тұтынып жатамыз. Бұл сусын түрінің ағзамызды өзіне тәуелді етуінің бірден бір себебі құрамындағы кофеинге негізделген. Кофеин психикаға қатты әсер ететіндіктен, сұйықтыққа тәуелділік туындатады. Кофеиннің мөлшері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жүйке белсенді жұмыс істей бастайды. Денсаулығында ақауы жоқ ересек адам кофеинді күніне 400 мг ғана қолдануы керек, ал жүкті әйелдер мен жасөспірімдер тұтынатын мөлшер одан аз болуы қажет. Энергетикалық сусынның әсері 3-4 сағатқа дейін. Сонымен қатар құрамында қант, түрлі бояғыш заттар барын да естен шығармаған жөн. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын энергетикалық сусындарды жиі тұтыну тахикардия, қант диабеті, жоғары дәрежедегі невроз, жүрек-қантамыр ауруларына және күйзеліс сияқты дерттерге душар етуі ықтимал. Сондай-ақ, қатерлі ісік пен еркектердің белсіздікке ұшырауына да әсері бар», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →