×

Созылмалы панкреатит емделе ме? Түркістандық дәрігер тәжірибесімен бөлісті

Дәрігердің сөзінше, панкреатит ас қорыту ферменттері ұйқы безінде белсендіріліп, жасушаларды тітіркендіріп, қабынғаннан пайда болады

Созылмалы панкреатит емделе ме? Түркістандық дәрігер тәжірибесімен бөлісті
Фото: ашық дереккөзден

Созылмалы панкреатит - бұл ұйқы безінде пайда болатын қабынудың дамып келе жатқан процесі. Қабыну ошақтары мен көзі жойылғаннан кейін де жалғасады. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан қалалық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Әнеш Қаламқас айтып берді.

Дәрігердің сөзінше, панкреатит ас қорыту ферменттері ұйқы безінде белсендіріліп, жасушаларды тітіркендіріп, қабынғаннан пайда болады. Панкреатиттің жедел түрі кенеттен пайда болып, бірнеше күн мазалайды. Жедел панкреатит бірнеше жылға созылып, қайта-қайта ауырсыну тудыратын болса, ұйқы безі зақымдалып, созылмалы панкреатитке әкеп соқтыруы мүмкін.

«Жалпы, панкреатит емделетін ауру. Ал ұйқы безінің ауруына ас қорытуға қатысатын кез келген мүше жұмысының бұзылуы, нашарлауы себеп болады. Сонымен қатар, көп уайымдау, стресс пен депрессияда себепші. Панкреатит бірден байқалмайды. Ол холецистит, аш ішектің ойық жарасы, гастрит, бауырда токсиннің көбеюі дерттер асқынған жағдайда нақты білінеді. Панкреатиттің даму қаупін арттыратын факторларға алкогольді шамадан тыс тұтыну, темекі шегу, семіздік, қант диабеті және тұқым қуалаушылық жатады. Созылмалы панкреатит кезінде ұйқы безінің жарақаты одан әрі жалғасуы ықтимал, көбінесе алкогольді шектен тыс тұтыну салдарынан. Бұл көбінесе салмақ жоғалтуды туғызып, ас қорытуға әсер етеді. Созылмалы панкреатит кезінде ұйқы безінің жарақаты одан әрі жалғасуы ықтимал, көбінесе алкогольді шектен тыс тұтыну салдарынан. Бұл көбінесе салмақ жоғалтуды туғызып, ас қорытуға әсер етеді»,- дейді маман.

Айта кетейік, асқазан-ішек жолдарының аурулары арасында созылмалы панкреатиттің жиілігі 5,1-ден 9% -ға дейін. Соңғы 30 жыл ішінде әлемде созылмалы панкреатитпен екі есе ауырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →