×

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары қандай – Түлкібастық дәрігердің кеңесі

Дәрігердің сөзінше, Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 мың науқас сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары қандай – Түлкібастық дәрігердің кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазан айын сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айы деп жариялаған болатын. Сүт безі қатерлі ісігі – әйелдер арасында әлемдегі ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі. Дерт 13 жастан 90 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Түркістан облысы Түлібас аудандық орталық емханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Аягөз Қалдыбек айтып берді.

Дәрігердің сөзінше, Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 мың науқас сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Соңғы 15 жыл көлемінде сүт безі қатерлі ісігі Қазақстанда өзге диагноздардың ішінде бірінші орынға шығып, жыл сайын 1200-ден астам әйелдің өмірін қияды. Аталмыш қатерлі ісік түрін емдеудегі басты мәселе – аурудың кеш анықталуы. Сүт безі қатерлі ісігінің шамамен 70%-ы алғаш рет аурудың соңғы сатыларында анықталады, бұл кезде емделу мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.

«Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілеріне сүт безі терісінің өзгеруі, бір немесе екі сүт безінің ісінуі, қызаруы, сүт безі мөлшерінің немесе пішінінің ұлғаюы жатады. Одан бөлек, бір немесе екі емшектің сыртқы түрінің өзгеруі, емшек ұшынан бөліну немесе кеуде аймағында ауырсыну сезімі, қатаю, бір немесе екі сүт безіндегі түйіндер және қолтықасты лимфалық түйіндерде ісіктің пайда болуы да бар. Бастапқы сатысында анықталмаған сүт безінің қатерлі ісігінің қауіптілігі өте жоғары. Жалпы алғанда, ауруды емдеудің хирургиялық жолмен, сәулемен және де химиялық дәрілермен емдеу жолдары бар. Егер ауру белгілерін байқасаңыз, бірден дәрігерге қаралған жөн. Айта кетейін, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде шамамен 2 миллионнан астам әйелге сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылады», – дейді Аягөз Қалдыбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →