×

Өт аурулары неден пайда болады? Сауран ауданының дәрігерінің кеңесі

Қазір өт, бауыр ауруына шалдыққандар көп

Өт аурулары неден пайда болады? Сауран ауданының дәрігерінің кеңесі
Фото: pexels.com

Өт пен бауыр – адам ағзасындағы маңызды орган. Екеуін ағзаның сүзгісі деп те айтуға болады. Олар бірлесе отырып қанды шлак, токсиндерден тазартып, ағзаға минерал, дәрумендер мен амин қышқылдарының сіңуін қамтамасыз етеді. Қазір өт, бауыр ауруына шалдыққандар көп. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысы, Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Назира Аманбаева айтты.

Дәрігердің сөзінше, аурудың басты себебі – стресс, дұрыс тамақтанбау, өт қабының және өт жолдарының дамуындағы ауытқу. Маманның айтуынша, өт ауруы басталғанда адамның терісі, көздің ақ қабығы сарғаяды. Денесі қышып, салмақ жоғалтуы мүмкін. Түнде қатты терлеп, іші (оң жақ қабырғаның асты) ауырады, тәбет төмендейді екен. Одан бөлек, ұйқының дұрыс болуы да аса маңызы рөл атқарады. Көбірек қимыл-қозғалыс қажет етеді. Ағзада пайдалы майларды тұтынып, рационда көп мөлшерде ақуыз, күрделі көмірсулар болуы қажет. Ал өтте тас болса, дәрігердің кеңесімен емдік дозада дәрі тағайындалады. Сонымен қатар, маманның айтуымен тюбаж процедурасын жасап, түрлі минералды су арқылы өтті тазартуға болады.

«Ең алдымен дұрыс тамақтануды қолға алғаныңыз маңызды. Адам күніне үш мезгіл уақытылы тамақтанса, ағзада өт жақсы бөлінеді. Ал уақытты өткізіп алып, түнде тамақтансаңыз, өт дұрыс бөлінбей, ауру пайда болуы мүмкін. Сондықтан уақытылы тамақтануға көңіл бөлуге тырысыңыз. Ащы, қуырылған, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар, сондай-ақ тәтті, майлы, ысталған асты, газдалған сусынды шектегеніңіз абзал. Буға пісірілген тағамдарға басымдық бергеніңіз жөн. Сонымен қатар мамандар пайдалы майларды, жемістер мен көкөністерді тұтынуға кеңес береді. Өтті сұйылту үшін жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →