×

Қан қысымы қолқада барынша жоғары болады – түркістандық дәрігер

Дәрігердің сөзінше, қан қысымының ауруының алдын алғысы келетіндер көп қимылдап, көп жүріп-тұруы керек

Қан қысымы қолқада барынша жоғары болады – түркістандық дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

Адам ағзасындағы қан айналымы бұзылса, жүрек қан тамырлары тартылып, қан қысымы көтеріледі. Бұл көбіне аз қимылдайтын адамдарда жиі кездеседі. Бір орында көп отыратын немесе кешке дейін бас көтермей төсекте жататын адамның ағзасында кездеседі. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының медбикесі Назерке Сейтен айтты.

Дәрігердің сөзінше, қан қысымының ауруының алдын алғысы келетіндер көп қимылдап, көп жүріп-тұруы керек. Адам қимылдаған сайын оның ішкі энергиясы да қуаттанып, іске қосыла бастайды. Тәтті, майлы, тұзды, жартылай дайын тағамдарды шектеулері тиіс. Оған қоса, ішімдік пен темекіні тастап, дұрыс демалғандары жөн. Маман қан қысымында мәселе болса тұрақты диетада болып, уақытылы дәрілер қабылдап, қан қысымын жиі-жиі бақылап тұру керектігін ескетті.

«Қан қысымының көтерілуіне көбіне тұрмыстағы кикілжің, әлеуметтік жағдай, темекі шегу, арақ ішу, артық салмақ, жүйкенің сыр беруі әсер етеді. Әр адамның өз денесіне сай қан қысымы бар. Бірақ 140-тан асқанда дәрігерге қаралып, ем жүргізуді бастау керек. Мұндай қан қысымымен тіркелген адамды дәрігер үш айдан алты ай аралығында бақылауға алып, ем жүргізеді. Ал дәрігердің тіркеуінде тұрмайтын адамдар үшін емханаларда скрининг тестер жасалып тұрады. Адамдар екі жылда бір рет келіп, скрининг тестен өтіп, анализ уақытында тапсырса дәрігер арудың алдын алады. Яғни, холестерин мен қанттың қан құрамында қалыпты болуын қадағалайды. Алдын алудың бірден бір жолы скрининг тестен өту ғана емес, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Өйткені қан қысымының көтерілуі көптеген аурудың асқынуына әсер етеді. Қан қысымы артерияларда, әсіресе қолқада барынша жоғары болады»,- дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →