×

Саурандық терапевт өтті тазалау жолдарын айтты

Дәрігердің сөзінше, егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ

Саурандық терапевт өтті тазалау жолдарын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Өт жолындағы тас ағзадағы зат алмасуының бұзылуынан пайда болады. Оған дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарды жиі қолдану, аз қимылдау және асқазан, ішек аурулары себеп болып жатады. Соның салдарынан өттің қозғалу қызметі нашарлап, онда біртіндеп тас түзіле бастайды. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысы Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Ақтолқын Таубаева айтты.

Дәрігердің сөзінше, егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды. Өт  тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды. Маман емдеу болмаған жағдайда өт түтіктерінің немесе ұйқыбезі түтігінің бітелуі өлімге әкелуі де  мүмкін екендігін ескертті.

«Өт қабының шаншуы көбіне өздігінен жойылады. Тас өт жолы арқылы аш ішекке өткенде ауырсыну мен басқа белгілері тиылады. Егер тас орнынан жылжи аламайтындай үлкен болса , ауырсыну жалғаса береді және бұндай жағдайлар да тез арада хиругиялық шаралар қолдану керек. Егер жалпы өт жолында тұрып қалса , сарғаю байқалып тері мен көздың ағы сарғаяды, бауыр зақымдануы мүмкін. Өт тасы ауруынан сақтану үшін әрбір адам жыл сайын дәрігерлік тексеруден өтіп тұрғаны абзал. Дұрыс тамақтанып, холестеринге бай тағамдарды, қуырылған, ащы, ұннан жасалған дәмдерді азайту арқылы аурудың алдын алуға болады. Есесіне жеміс-жидек пен көкөністерді, өсімдік майларынан жасалған тағамдарды көбірек пайдаланған жөн. Сонымен қатар,  қозғалыстың аздығы, артық салмақ сияқты нәрселер өт жолы ауруларының белең алуына алып келеді»,- дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →