×

Қазақстанда таиланд пен филиппиндік бала күтушілерді жалдайтындар көбейген (ВИДЕО)

Қазақстанда таиланд пен филиппиндік бала күтушілерді жалдайтындар көбейген (ВИДЕО)
Агенттік

Кейінгі жылдары елімізде баласына шетелден тәрбиеші жалдайтын ата-аналар көбейді. Әсіресе, Таиланд пен филиппиндік күтушілерге сұраныс жоғары. Тіпті, қазір осы елдерден келгендерді іріктеп, арнайы оқудан өткізетін агенттіктер құрылған. Онда баланы мектепке апарып, үйірмелерге таситын күтушілерден бастап тіл үйретіп, сабақ оқытатын тәрбиешілерге дейін табуға болады. «Жібек жолы» арнасының тілшісі Жанель Нұрболат осындай тәрбиешілердің бірімен тілдесіп көрді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Филиппиндік Шерил Бандианның Қазақастанға келгеніне бір ай. Бұған дейін Кувейтте бала күтуші болған ол енді қазақ отбасында жұмыс істейді. 4 жасар Алиханды балабақша алып барады, тамағын әзірлейді. Логикалық ойлауды дамытатын ойындарды ойнатып, тіл үйретуге де көңіл бөледі. 

Өз елімде сауда үйінде сатушы болдым. Таңнан кешке дейін тынбай жұмыс істеп 100 доллар ғана табатынмын. Сол кездері Кувейтте бала күтушісі болып жұмыс істейтін құрбыларым айына 400 доллар алатынын айтқан. Өзім бала баққанды жақсы көремін. Ақысы да жақсы екен. Неге көрмеске дедім, - дейді бала күтуші Шерил Бандиан.

Әлиханның анасы Жібек баласының аз уақытта Шеррилге бауыр басып қалғанын айтады. Жолдасы екеуі күні бойы жұмыста. Үй тірлігінің бәрін Шеррил атқарады. Ал оған дейін бала күтуші мен аспазды бөлек жалдап, екі есе көп ақы төлеген.

Балаға қарайды, үй шаруасының бәрін жасайды. Тамақ пісіріп қояды кешке жұмыстан келгенде. Мысалы, біз аспазшы мен няня жалдасақ, тек қана нянға 300-400 мың кетеді. Ал Филиппин нянясы 450 мың алады. Бірақ соның ішіне бәрі кіреді. Үй жинау, тамақ пісіру, бала тәрбиесі секілді міндеттер, - дейді қала тұрғыны Жібек Құсайынова.

Жібек Шеррилді агенттік арқылы тапқан. Қазір онда 100-ден астам филиппиндік бала күтушісі жұмыс істейді. Агенттіктің негізін қалаушы Светлана Грамстың айтуынша, шетелден келген тәрбиешілерге Қазақстаннан жұмыс бірден табылады. Өйткені, баласының жастайынан бірнеше тілді тең меңгергенін қалайтын ата-аналар көп.

Бізге эстрада жұлдыздары мен блогерлер  жиі келеді. Филиппиндік тәрбиешілердің қазақ, орыс тілін білмейтіні олар үшін тағы бір артықшылық. Яғни, шетелдіктерді жұмысқа алу арқылы елге белгілі азаматтар жеке өмірлерін құпия сақтай алады. Бірақ, бұл шетелдік тәрбиешілерді ауқатты отбасылар ғана жалдайды деген сөз емес. Біздің көмекке жүгінетіндердің арасында қарапайым азаматтар да  көп, - дейді бала күтуші агенттігінің негізін қалаушы Светлана Грамс.

Светлана бала күтушілер агенттігін осыдан 10 жыл бұрын ашқан. Сол уақытта жұмысты бірнеше ғана филиппиндік қыз-келіншекпен бастадым дейді. Кейін олар жерлестеріне Қазақстанда Филпиипинге қарағанда 5 есе көп еңбекақы төлейтінін айтып, ірі агенттік құрған.

Филиппиндік бала күтушілеріне 800-1200 доллар аралығында төлейміз. Оларға қойлатын басты талап - кемі 3 жылдық еңбек өтілінің болуы. Сондай-ақ, жасы 50 ден аспауы керек, - дейді Светлана Грамс.

Қазір елімізде Светлананың орталығынан басқа филиппиндіктер мен тайландтықтарға қазақ отбасынан жұмыс табатын 4 агенттік бар. Әрқайсында 50-ден астам тәрбиеші тіркелген. Ал жалпы, Қазақстанда 192 филиппин және 336 тайланд  азаматы еңбек етіп жүр. Көбісі құрылыс және айти салаларында жұмыс істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →