×

«Ұрандар мен хайптар» - Аймағамбетов неге алаңдайды

Талғампаз болмайынша, ештеңе өзгермейді

«Ұрандар мен хайптар» - Аймағамбетов неге алаңдайды
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов инстаграм әлеуметтік желісінде қазіргі қоғамның ой-өрісі жеңіл контенттің ағынында кетіп бара жатқаны жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше  әлеуметтік желіде де, қоғамда да тұщымды ой-пікірге, терең талқылауға деген сұраныс азайған, тіпті жоқтың қасы деуге болады. 

«Қазіргі тренд – жеңіл-желпі әңгіме, тез тарап кететін хайп, жалаң ұрандар мен инфосығандардың рилстары. Бұл бір жағынан, уақыт талабына сай болудың нәтижесі шығар – бәрі жылдам, қысқа, қарапайым болғанын қалайды. Бірақ осындай үрдістердің арасында терең мазмұн жоғалып бара жатқаны алаңдатады. Ойланып қарасақ, қоғамның ой-өрісі жеңіл контенттің ағынында қалқып жүргендей көрінеді. Осы орайда заңды сұрақ туындайды: бұл келешекте бізге не береді? Нәтижесі не болмақ? Ұрандар мен хайптар өтпелі, ал терең мазмұн мен күрделі ойлар – тарихтың негізі», - дейді депутат.

Сондай-ақ ол бюджеттің тапшылығы, нашақорлықты алдын алу жолдары, білім мен денсаулық саласының проблемалары, дамуы, балалар мен жастардың болашағы, салық кодексінің жаңа қауіпті нормалары сияқты маңызды мәселелер ешкімнің назарын аудармайтынын жазды. 

«Жаңа бастамаларымыздың да сұранысқа ие болмауы таңғалдырмайды. Өзіміз сауатты, талғампаз болмайынша, ештеңе өзгермейді», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →