×

Галина Дуванова: Бұл жерде қазақ балалары көп, сол себепті қазақша сөйлеймін

Сол себепті өзімнің қазақ тілімді жетілдіріп жүрмін

Галина Дуванова: Бұл жерде қазақ балалары көп, сол себепті қазақша сөйлеймін
Видеодан кадр

Астаналық Галина Дуванова - джиу-джитсу әлем чемпионатының төрт мәрте жүлдегері. Түрі бөлек болғанмен, тілі бір бойжеткен спорт орталығында спорттың осы түрінен жаттықтырушы болып істейді. Бір айта кетері, Галинаның мемлекеттік тілге деген құрметі зор, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы елордалық журналист Аслан Қаженовтің сұхбатында айтылған.

- Анам орыс, әкем қазақ, сондықтан мен де өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақ тілін күнделікті тұрмыста көп қолданамын. Мектепте ылғи қазақша сөйлейтінмін, колледжде орысша көбірек болды. Қазір балаларды спорттың джиу-джитсу түріне тәрбиелеп жатырмын. Бұл жерде қазақ балалар көп, арасында орысша білмейтіндері де бар. Жалпы, джиу-джитсудың әдістемелері, терминдері қиындау, бірақ үйренуім қажет. Өйткені балаға түсіндіруім керек қой, сол себепті балалармен күнделікті жұмыс барысында өзімнің қазақ тілімді жетілдіріп жүрмін, - дейді Галина.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →