×

Суды дұрыс әрі жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, су ішу тәртібін сақтау – өз денсаулығыңызға деген құрмет

Суды дұрыс әрі жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Адам ағзасының 60-70%-ын су құрайды, сондықтан суды жеткілікті мөлшерде тұтыну – денсаулықты сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Дегенмен, күнделікті өмірде көп адам суды дұрыс іше бермейді. Су ішу тәртібін сақтау ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, энергия деңгейін арттыруға және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Нұрлан Шалапов айтты.

Дәрігердің сөзінше, су ішу тәртібін сақтау – өз денсаулығыңызға деген құрмет. Қарапайым ғана әдеттер, мысалы, әр күнді стакан сумен бастау немесе жұмыс кезінде суды жиі ішу, ағзаны сау, көңілді және белсенді ұстауға көмектеседі. Суды дұрыс әрі жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз – бұл ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі. Сонымен қатар, кейбір аурулар кезінде су мөлшерін азайтуға тура келеді. Егер бүйрек қызметі бұзылса, жүрек өз жұмысын дұрыс атқара алмаса, ал аяқ ісіп кетсе, онда судан бас тарта тұрған дұрыс.

«Суды көп тұтыну қан айналым, жүйке жүйесі, асқорыту, зат алмасу процесінің қызметтерін жақсартады. Ересек адам 1 келі салмаққа 20-40 мл судан есептеуге тиіс. Мәселен, салмағы 70 келі болатын адам тәулігіне шамамен 1,7-2 литр су тұтынғаны жөн. Сонымен қатар, өмір салтын, денсаулық жағдайын және климатты ескере отырып, өзіңіздің жеке нормаңызды анықтаған жөн. Дені сау адам күніне 2 литр су ішуге әдеттенуі тиіс. Ал жүкті, емізулі әйелдерге 500-600 мл су тағайындалады. Егер сіздің физикалық белсенділігіңіз күндегіден көбейсе, онда дене салмағыңызға қарай судың мөлшерін арттырасыз. Егер қара су іше алмайтын болсаңыз, онда лимон, лайм, қияр қосылған су ішуге де болады. Сонда судың татымы жақсарады әрі құрамы бағалы заттарға толығады»,- дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →