×

Ұйқы безі неге ауырады – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, ұйқы безінің қатерлі ісігі кезінде ауырсыну әдетте ісік көлемі ұлғайып, айналасындағы органдар мен тіндерді қыса бастағанда пайда болады

Ұйқы безі неге ауырады – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Ұйқы безіндегі ауырсыну ісік пен жарақатқа байланысты қабыну процесінің аясында пайда болуы мүмкін. Қабыну процесі жедел және созылмалы панкреатит кезінде асқынады. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне  Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Айда Баянбай мәлімдеді.

Дәрігердің сөзінше, ұйқы безінің қатерлі ісігі кезінде ауырсыну әдетте ісік көлемі ұлғайып, айналасындағы органдар мен тіндерді қыса бастағанда пайда болады. Ұйқы безі ауруларының асқынуын тудыруы мүмкін бірнеше фактор бар. Олар біркелкі тағам, фаст-фуд пен майлы тағамды жиі тұтыну, алкогольді ішімдікті шамадан көп мөлшерде ішу, темекі шегу, кейбір дәрі-дәрмекті бақылаусыз қабылдау: ішке қабылдайтын контрацептивтер, антибиотиктер, зәр айдау құралдары және паразит зақымдауы.

«Созылмалы панкреатиттің 60-70%-і алкогольге байлнысты туындайды, ал темекі шегу алкогольдің ұйқы безіне кері әсерін күшейтеді және аурудың асқыну қаупін арттырады. Егер ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы айтатын болсақ, онда шамамен ауру анықталған жағдайдың 10%-інде ауру тұқым қуалайтын бейімділікке байланысты болса, 90%-і қант диабеті, созылмалы панкреатит, темекі шегу, Д3 витаминінің жетіспеушілігі сияқты басқа факторларға байланысты дамиды. Ұйқы безінің көптеген ауруларына ауырсыну тән. Көбінесе ауырсыну ошағы сол жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында орналасады. Бірақ адам арқамен жатқан кезде ауырсыну белге қарай ығысып, күшейе түсетін жағдайлар да кездеседі. Ешкім тек ауырсыну синдромы негізінде диагноз қоя алмайды. Бұл кешенді зерттеуді қажет етеді. Дегенмен дәрігер ұйқы безінің қалай ауыратынына байланысты белгілі бір проблеманы болжауы мүмкін», – деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →