×

Ұйқы безі аурулары кімдерде туындау қаупі жоғары – дәрігер кеңесі

Мамандардың пікірінше, ұйқы безі ауырған адам гастроэнтеролог дәрігермен кеңесуі керек

Ұйқы безі аурулары кімдерде туындау қаупі жоғары – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Ұйқы безінің көптеген ауруларына ауырсыну тән. Көбінесе ауырсыну ошағы сол жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында орналасады. Бірақ адам арқамен жатқан кезде ауырсыну белге қарай ығысып, күшейе түсетін жағдайлар да кездеседі. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Айда Баянбай мәлімдеді.

«Ұйқы безі – өт-тас ауруымен ауыратын науқастар, сондай-ақ алкогольді ішімдікті жиі шамадан тыс тұтынатын, дәрі-дәрмекті бақылаусыз қабылдайтын, артық салмағы бар және қимылы аз өмір салтын ұстанатын адамдарда болады.  Ең алдымен "панкреатит" және "өт-тас ауруы" диагнозы бар адамдар және қауіп тобындағы адамдар ұйқы безін жиі тексеріп отыруы керек. Жайсыздықтар ұйқы безімен байланысты екенін адам бірден түсіне бермейді. Дегенмен сол жақ қабырға астындағы ауырсыну мен ыңғайсыздық сияқты белгілер, әсіресе алкогольді ішімдік ішім, қуырылған және майлы тағамдарды ішкеннен кейін осындай жайсыздық туындаса, онда алаңдауға болады. Бұдан бөлек, жүрек айну, құсу, терінің және шырышты қабаттардың сарғаюы, салмақ жоғалту – бұл белгілер созылмалы панкреатитке және ұйқы безінің асқынған қатерлі ісігіне тән. Бірақ кейбір науқастарда бұл аурулар симптомсыз болатынын және белгілі бір уақытқа дейін белгі бермей өтетінін айту керек», – деді маман.

Мамандардың пікірінше, ұйқы безі ауырған адам гастроэнтеролог дәрігермен кеңесуі керек. Дәрі-дәрмекті, соның ішінде ауырсынуды басатын дәрілерді өз бетіңізше қабылдауға болмайды. Емдеудің халық арасында таралған әдістерін қолданбау керек. Себебі бұл аурудың асқынуын арттыруы мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері кезінде, әсіресе ауырсыну синдромы пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2024 жылы елімізде 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынған
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы құрылыс мәселесі де талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →