Қазақстан азаматтарының көші-қонға қатысты ойын және білікті мамандардың елден кету себептерін зерттеген DEMOSCOPE бюросы ауқымды сауалнаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Соның нәтижесінде әрбір бесінші респондент елден көшу мәселесін қарастыратынын айтқан.
Сауалнама 2024 жылдың 13-24 қарашасы аралығында өткізілген. Жауап деректері бойынша, сұралғандардың 21% Қазақстаннан кеткісі келеді, оның 6,9% мұны алдағы 2-3 жылда жасауды жоспарлап отыр. Негізгі себептер – жалақының төмендігі, бұлыңғыр келешек және жақсы білім алуға немесе жұмыс істеуге деген ұмтылыс.
Көші-қон көңіл-күйі әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында айқын көрінеді. 18-29 жас аралығындағы топтың 25%-ы және 30 жастағы адамдардың 30% бұл қадамды қарастырады.
Респонденттердің басым көпшілігі (83,7%) Қазақстанда туғаннан бастап тұрады, тағы 9,3% елде 20 жылдан астам өмір сүреді. Сауалнамаға қатысқандардың тек 6,8% Қазақстанда 20 жылдан аз өмір сүреді, - деп нақтылады зерттеушілер.
Респонденттердің пікірінше, эмиграция үшін ең тартымды елдер – АҚШ (7,7%), Ресей (6,2%), Еуропа елдері (5,1%), Түркия (4,6%) және Канада (2,6%).
Респонденттер көші қонның келесі себептерін былай атап көрсеткен:
Ресми деректерге сәйкес соңғы екі жылда Қазақстанда – елге келген адам саны кеткендерге қарағанда көп. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға 20 мыңнан астам адам көшіп келген, ал елден кеткендердің саны екі есе аз – 10,2 мың адам.