×

Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды

Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді

Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және 
Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталды. 

Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді. Нысандар қосылғаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды. 

 Естеріңізге сала кетейік, қосылуды жеделдету үшін тұрғындар "QazaqGaz Aimaq"АҚ-на өтінім жолдап, құжаттар ұсыну қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Бүгін, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →