×

Наурыз айында зерттеу аяқталып, уақыт белдеуі қайта ауысуы мүмкін

Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалады

Наурыз айында зерттеу аяқталып, уақыт белдеуі қайта ауысуы мүмкін
Сурет: ortcom.kz

Қоғамда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселе қайта-қайта көтеріліп жатыр. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев зерттеу жұмыстары наурыз айында аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгінге дейін алдын ала талдау жүргізілді. Кеше үш министрлік те бұл шешімнің негізделгенін айтты. Олар өз зерттеулерін жүргізген. Біз  қоғамда бұл мәселенің өте белсенді талқыланып жатқанын түсінеміз. Мысалы тәуелсіз сарапшылар мен әлеуметтанушылар бұл тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мұның жеткілікті болатынына сенеміз. Үкіметке зерттеулерді аяқтап, мәселені нақты және сапалы түрде талқылау қажеттігін айттық», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы қараша айында Мәжіліс алаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім еткен. Ол қоғамдық сұранысқа байланысты қосымша зерттеулер жүргізуге шешім қабылданғанын айтты. Зерттеуге география, зоология институттары қатысады.Әзірге зерттеудің алгоритмі мен егжей-тегжейі белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызға қараған түні Қазақстан Бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшті. Сауда және интеграция министрлігінде уақыт осы мәселе бойынша "қазақстандықтар бірнеше рет жүгінгендіктен" уақытты ауыстыруға шешім қабылдағанын айтқан болатын. 

Осыған дейін Үкімет басшысының уақыт белдеуі өзгертілмейтіні жайында айтқанын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады
Бүгін, 14:57

Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады

Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады
Кейінгі кезде осы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Ел өңірлерінде сұранысқа ие тауарлардың бірі – картоптың бағасы қымбаттаған
Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →