×

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны айтылды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны айтылды
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов полицияның жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады және қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз, - деді Санжар Әділов.

Еске салайық, осыған дейін  марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрқанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.

Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды
Бүгін, 21:45

Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды

Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды
2025 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 миллион 510 мың зейнеткер бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →