×

Павлодарда үшем дүниеге келді

Нәрестелердің анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді

Павлодарда үшем дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Павлодардағы облыстық пеританалдық орталықта үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Анасы Зарина Мәмбетова бұған дейін бір құрсақ көтеріп, ер балаға жарық дүние сыйлаған. Енді отбасын бірден үш ер бала толықтырып отыр. Үшем аман-есен дүниеге келді. Алғашқы болып туған Кәрімнің салмағы — 2020 грамм, одан соң Әмір (2200 грамм), ең соңында Тайыр (1660 грамм) дүниеге келді. Анасы оларды жүктіліктің 34-ші аптасында босанғанын айтып өткен абзал. Қазір анасының жағдайы да қалыпты», — делінген перинаталдық орталық хабарламасында.

Нәрестелердің анасы мектепте мұғалім болып қызмет атқарса, әкесі мұнай-химия зауытында еңбек етеді. 

«Қазір біз Кәрім екеуіміз жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлімшесінде жатырмыз. Кәрім қажетті ем қабылдап жатыр, жақын арада ағаларының қатарына қосылады. Ал жолдасым үйде сәбилерін асыға күтіп отыр. Жолдасым екеуіміз сәбилерімізді бағып-қағу қиындығынан қорықпаймыз. Біздің өміріміздегі ең ғажайып кезеңнің бірі болғалы тұр. Сондықтан балалардың әкесі жұмысынан бала күтімі бойынша демалыс ресімдеуді жоспарлап отыр. Облыстық перинаталдық орталығының ұжымына аман-есен босандырып алғаны, үш ұлымды да дүниеге сау әкелгені үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Мұнда өз ісінің мамандары еңбек ететініне көзіміз жетті», — дейді үшемнің анасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде
Бүгін, 15:03

Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде

Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді
Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды
«Халық үніне құлақ асатын үкіметтің» назарына ұсынамыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →