×

Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі

Жолаушы билетті қайтарған кезде авиакомпания үлкен пайыздар ұстап, ақшалай емес, ваучер ғана ұсынады

Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар Air Astana компаниясының президенті Питер Фостерді біраз қыспаққа алды. Қоғамның көкейінде жүрген біраз мәселе айтылды. Мысалы, депутат Нұргүл Тау авиарейстердің жиі кешігуіне және жолаушы қайтарған билет үшін қаражат төлеу проблемасын көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жолаушы билетті қайтарған кезде авиакомпания үлкен пайыздар ұстап, ақшалай емес, ваучер ғана ұсынады. Неліктен? Жолаушы билет үшін ваучермен емес, ақшамен төлейді ғой. Қаражатты қайтару да кешіктіріледі. Рейстер көбінесе 2 сағатқа, содан кейін тағы 2 сағатқа, содан кейін тағы да кешіктіріледі. Ал кідірістің жалпы уақыты 5 сағаттан аспайды. Адамдар өз уақыттарын жоспарлайды, іс-шаралар тағайындайды. Бірақ авиакомпанияның жұмысына байланысты барлық жоспарлар бұзылады. Көлік министрінен осы мәселелерге назар аударуды сұраймын, - деді депутат.

Депутат Бақытжан Базарбек те Air Astana компаниясының әуе парктері Ирландияда тіркелген деп отыр. Бұған дейін тағы бір мәжілісмен Асқар Садықов осы мәселені көтеріп,  бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол  Питер Фостердің Қазақстанда тапқан ақшасын Лондонда жұмсайтынын айтқан еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жыл жетістігі: Шымкентте “Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді
Бүгін, 18:01

Жыл жетістігі: Шымкентте “Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді

Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды
Марқұмның денесі 25 желтоқсанда жер қойнына тапсырылады
Оларға ет пен жемістердің тиісті нормаға сай мөлшері берілмеген
Мәжілісте осыған қатысты құжатқа түзетулер енгізіліп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →