×

МӘМС-ке жарна төлемегендер онкологиялық скринингтен өте алатын болады

Мәжілісте осыған қатысты құжатқа түзетулер енгізіліп жатыр

МӘМС-ке жарна төлемегендер онкологиялық скринингтен өте алатын болады
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Енді МӘМС-ке жарна төлемегендер де онкологиялық скринингтен өте алатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

“Бүгінде елімізде 3,5 миллион азамат онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр, себебі олар МӘМС-ке жарна төлемейді. Осы азаматтарға тексерістен өтуге мүмкіндік беруіміз керек. Иә, бұл қосымша қаржы талап етеді, бірақ бұл көптеген адамның өмірін құтқарады. Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам.Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді”, –  деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Мәжілісте осыған қатысты құжатқа түзету енгізіліп жатыр. Заң келесі жылы қабылданады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді
Енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →