×

Елімізде пияз бағасы тұрақталды - министр

Сондай-ақ, министр пияз бірнеше өңірдегі пияз бағасына тоқталып өтті

Елімізде пияз бағасы тұрақталды - министр
inbusiness.kz

Елімізде пияздың бағасы тұрақталды, жағдай бақылауда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен жылы 1,2 млн тонна пияз жиналды. Оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілді. Бізде пиязды тұтыну көлемі 300 мың тоннаны құрайды. Пиязды экспорттау мүмкіндігіміз бар, дегенмен бастысы ішкі нарық сұранысын өтеу болып отыр. Пиязға қатысты жағдай тұрақталды. Бүгінде елімізде 70 мың тонна пияз қоры бар, оның 30 мың тоннасы Жамбыл облысында», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, министр пияз бірнеше өңірдегі пияз бағасына тоқталып өтті.

«Жамбыл облысында пияз 200 теңге тұрады, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге арасында. Пияздың құны оның бастапқы сатып алынған бағасына да байланысты. Баға тұрақталды, жағдай бақылауда. Оның үстіне пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз», - дейді ол.

Ұлттық статистика бюросы ақпан айының бірінші аптасында пияздың бағасы 14,3%-ға өскенін растаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Бүгін, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →