×

Бала асырап алу оңай ма – 11 баланы асырап алған ана өз тәжірибесін айтты

Қазақстанда бала асырап алу қиын емес

Бала асырап алу оңай ма – 11 баланы асырап алған ана өз тәжірибесін айтты

Ақмола облысы әкімінің Әйел мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, мәслихат депутаты Құралай Жұмабекова жақында «Сенімен Болашақ» бірлестігінің «Кең Жүрек» номинациясына ие болды. Бұл сыйлық нағыз өз иесін тапты деп ауыз толтырып айтуға болады, өйткені Құралай балалар үйінен онннан аса баланы бауырына басып, тәрбиелеп отыр. Qaz365.kz тілшісі қаншама балаға мейірім нұрын төккен анамен аз-кем әңгімелесіп, қоғамды мазалайтын бірер сұрақты қойды.

Өзіміздің қорымыз бар

Құралай Жұмабекова Ақмола облысына қарайтын, Астанадан бар-жоғы 20 шақырым жерде орналасқан Қосшы қаласында тұрады. Өзі 17 баланың анасы. Алты бала өз құрсағынан тараса, қалғанын асырап алған. «Сенімен Болашақ» ұйымымен үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жолы бірлестіктегі ниеттес жандар оны «Кең Жүрек» номинациясымен марапаттады.

«Мен осы Ақмола облысында бала асырап алуға үміткер ата-аналармен жұмыс істеймін. Бала асырап алуға құштар ата-аналар аз емес. Бірақ олар қарапайым құжат жұмыстарынан бастап, бейімделу, тәрбие берудің қыр-сырын түсіне бермеуі мүмкін. Сол себепті өзіміздің «Демеу. Сенім» деген қорымыз арқылы жұмыс істейміз. Бала асырап алған ата-аналарды біріктірген клубымыз бар. Сонда, міне, 16 жылдан бері бүкіл сұрақты талқылап, жоспармен жұмыс істейміз», - дейді ол.

Құралай Жұмабекованың сөзінше, Ақмола облысында балалар үйі атымен жоқ. Депутат ата-аналарсыз қалған балаларды бірден отбасына орналастыруға тырысатындарын айтады. Тағы бір жағдайда ата-ана құқығынан айырылайын деп жатқан отбасыларға көмектеседі. Ортақ мәселелерді талқылайды. Мәселенің себебін анықтап, жұмыс жүргізеді. «Сенімен Болашақ» ұйымымен бірлесе талқылап, өзекті проблемаларды қозғап, ата-аналардың жауапкершілігін оятады. 

Бала асырап алуына не түрткі болды

Құралай Жұмабекова балаларды асырап алуға не түрткі болғанын баяндап берді.

«Балаларды асырап алуыма неше түрлі себептер болды. Біріншіден, бес баланы балалар үйінен таңдап алдық. Басқа алты баланы өзге отбасы балалар үйіне өткізіп жатқан жерлерінен әкелдік. Екі бала басқа отбасынан келді. Өз тәтелері кіші баласын ұрып, денсаулығына зақым келтіргеннен кейін түрмеде отыр. Қазір балалары менде. Радмир деген баланың мүгедектігі бар. Ол содан тағы төрт бірнеше рет басқа отбасыларда болған. Ол отбасылар балалармен тіл табыса алмаған. Содан балаларды қайтарған. Мен өзім қамқорлығыма алып, балаларды реаблитациядан өткізіп жатырмын», - дейді ол.

Бала асырап алу қиын ба?

Қоғамда бала асырап алу қиын деген пікір көп тараған. Оған елдегі балаларға қарсы жасалған қылмыстар да түрткі болуы мүмкін. Осының мән-жайын Құралай Жұмабековадан сұрағанымызда ол ниеттенген адамға бала асырап алу ел ойлағандай қиын емес екенін айтты.

«Қазақстанда бала асырап алу қиын да емес. Біріншіден, бала асырап алатын ата-аналардың мектебін оқу керек. Үш ай оқытылады. Содан кейін сертификат алады. Ол оқуда бәрі көрсетіледі. Онда балалармен қалай жұмыс істелетіні, қандай ата-ана болу керектігі де. Психологиялық жағдай көрсетіледі. Бәрін сол жерде талқылап, ата-аналар дайындалады. Бірақ бұдан кейін бала беріле салмайды. Ондай санаттағы ата-аналарға әрдайым оқуға тура келеді. Себебі, отбасыға балалар әртүрлі мінезбен келуі мүмкін», - дейді ол.

Парламентші неге дабыл қақты

Биыл Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов елімізде асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару саны артып жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Ерболат Саурықовтың дерегінше, 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала, 2022 жылы 217 бала балалар үйіне қайтарылған. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мұндай проблема бар екенін растаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Наурызбай қажы Тағанұлына қатысты шешім қабылданды
Бүгін, 13:21

Наурызбай қажы Тағанұлына қатысты шешім қабылданды

Жиында алдағы төрт жылда еліміздің бас мүфтиі анықталды
Жүргізілген талдаулар автобустарда төлемдердің 97%-ы электронды жүйелер арқылы жасалатынын көрсетіп отыр
Оған «ұсақ бұзақылық жасады» деп айып тағылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →